Қазақстан, басқа елдер сияқты, мыңдаған жылдар бойы құрылған және дамыған өзіндік қолөнерлері бар. Көшпенді қазақтарға олардың өмір салтына сай келетін керек-жарақтар жасау қажет болды. Ең жарқын мысал - киіз үй функционалды көшпелі тұрғын үй. Киіз үйдің барлық бөліктерін жинау үшін біліктілік пен шеберлік қажет болды. Киіз үйдің бөліктері (шаңырақ, кереге, уық, есік) дәл математикалық есептеулермен сапалы материалдан жасалған, бұл жұмыстың ерлер бөлігі болды. Әйелдер киіз үйдің «қаптауын» жасауымен – киіз түтумен айналысты, ол киіз үйде қыста жылылық ұстап, жазда ыстық болмайтындай қылып жасайды. Сонымен қатар, киізден үйдің ішінде жайлылық жасаған: киіз кілемдер.

Барлық тұрмыстық аспаптар да ағаштан жасалған – бұл көшпенділер үшін қолайлы болды, өйткені балшық ыдыстар көшпелі кезде сынуы мүмкін. Сонымен қатар, шеберлер жануарлар терісінен ыдыс-аяқ жасаған, ол температураны ұстап, далада өмір сүруді жеңілдетеді.

Ат әбзелнін  және әйелдер әшекейлерін жасау үшін ұста өндірісі пайдаланылды. Бұйым жасау үшін металл негізінен әкелінетін болды. Қазақстан аумағында зергерлік өнер дамыған, зергерлік бұйымдар күмістен жасалған, бірақ ерекше формалар мен өрнектердің арқасында ерекше болды.

Қазақ шеберлері өз бұйымдарының көп бөлігін ерекше халықтық өрнектермен безендірді, сол үшін бұйымдардың ерекшелігі пайда болған. Әйелдер ұлттық киімдерді, сондай-ақ үйге арналған киізден жасалған бұйымдарды өрнектермен безендірді.

Жалпы Қазақстанда өндіріс барынша экологиялық және үнемді болды: жануарлардың терісі мен жүнінен киім тігіліп, үй әбзелдері (кілемдер, киіз үйге арналған киіз) жасалды, жануарлардың әртүрлі сүйектерінен пышақтарға арналған сабы жасалды, ал олардың терісінен киім, аяқ киім және ыдыс-аяқтарға арналған ыстыққа төзімді қаптар жасалды.

Алдыңғы мақалалар

Духовный комплекс “Отпан тау” - это памятник старины под открытым небом. За…

Музыкальные инструменты отражают историю и культуру своего…