Визаны қалау алуға болады?

Саяхатшыға қажет құжаттар туралы ақпарат

Саяхатшыға қажетті құжаттар туралы ақпарат

Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасына мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттер арқылы, төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат бойынша, Қазақстанға кіруге руқсат беретін визамен, ол керек болса, кіреді және шығады. 2020 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша, 73 мемлекеттің тұрғындары Қазақстанға визасыз кіре алады. Бірақ, ҚР үкіметінің 2020 жылдың 17 сәуірде шыққан №220 қаулысы бойынша, визасыз тәртіп Үкіметтің 2012 жылдың 21 қантар күні №148 қаулысындағы 17 тарапында көрсетілген мемлекеттерге 2020 жылдың 1 қарашаға дейін тоқтатылған.

Кімге виза керек емес?

30 күнге дейін елде болу құқығымен визасыз кіру Әзірбайжан, Аргентина, Бразилия, Сербия, Өзбекстан, Эквадор азаматтарына рұқсат етіледі.

30 күнге дейін елде болу құқығымен визасыз кіру мемлекеттер тізіміне келесі мемлекеттер кірді (2020 жылдын 1 қарашасына дейін тоқтатылған):

Австралиялық Одағы, Австрия Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Венгрия, Ватикан мемлекет-қаласы, Израиль мемлекеті, Қатар мемлекеті, Кувейт мемлекеті, Грек Республикасы, Ирландия, Исландия, Италия Республикасы, Канада, Лихтенштейн Князьдігі, Монако Князьдігі, Бахрейн патшалығы, Бельгия патшалығы, Дания патшалығы, Испания патшалығы, Нидерланд патшалығы, Норвегия патшалығы, Таиланд патшалығы, Швеция патшалығы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Малайзия, Мексика Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Әмірліктері, Португал Республикасы, Болгария Республикасы, Индонезия Республикасы, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Корея Республикасы, Мальта Республикасы, Польша Республикасы, Сингапур Республикасы, Словения Республикасы, Филиппин Республикасы, Хорватия Республикасы, Чили Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы, Словак Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Америка Құрама штаттары, Вьетнам Социалды Республикасы, Оман сұлтанаты, Түркия Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Чех Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Эстонская Республикасы және Жапония.

Жоғарда аталып кеткен мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасыны аумағына қолданыстағы паспорттардың барлық түрлерін өзімен бірге ала отырып, 30 күнге дейін елде болуға құқығы бар.

90 күнге дейін елде болу құқығымен визасыз кіру келесі мемлекеттер азаматтарына беріледі: 

- Армения, Беларусия, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Монголия, Ресей, Тәжікістан, Украина.

АӘА Гонконг азаматтары Қазақстанға 14 күнге дейін елде болуға құқығымен визасыз кіре алады. 

2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Шымкент, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен үшінші елге келетін не үшінші елден қайтып келетін Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және шығудың 72 сағаттық визасыз режимі енгізілді. 2020 жылдың 30 наурыздағы ахуал бойынша бұл режим 2020 жылдың 1 карашасына дейін тоқтатылды.

Алдыңғы мақалалар

Көлік инфрақұралымы: әуежай, вокзал, автовокзал туралы қысқаша…