Қазақ мәдениеті әр түрлі салт-дәстүрлерге бай, әр адамның өмірінің маңызды саласы – үйлену тойынан да тыс қалған жоқ. Қандай да бір дәстүрлер уақыт өте келе өз маңыздылығын жоғалтты, мысалы: күйеу жігіттің ата-анасымен қыз көру салты. Бұл рәсім жас жұбайлардың ата-аналары өз балалары үшін өмір серігін таңдаған кезде орын алды.

Сырга салу

Алайда, дәстүрлердің көпшілігі қазір де өзекті. Ең бірінші рәсім-бұл құда түсу - күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың ата-анасына құрметін көрсетіп сыйлықпен келеді (қоржын/дәм). Екі жақ танысқаннан кейін,  күйеу жігіттің жеңгелері қалындыққа сырға салады. Осы рәсімнен кейін қалыңдық ресми түрде аталып кеткен болып саналады, одан әрі туыстары қыздың ата-анасына қалын мал береді, және сондай-ақ қалыңдықты еміздірген үшін ананың сүтіне ақы төлейді. Жаңа құдаларға қалыңдықтың ата-аналары да сыйлықтар мен тағамдарды беріп жібереді.

Қыз ұзату

Осыдан кейін келесі мерекеге дайындық керек – қыз ұзату, бұл қалыңдық жағынан болатын той. Бұл іс-шараға қалыңдық міндетті түрде қазақ ұлттық киімін киеді, Маңғыстауда бұл әлі күнге дейін міндетті болып табылады. Қыздың киімі дәстүрлі көйлектен тұрады, ал оның үстіне ұлттық өрнектері бар камзол киіледі. Қалыңдықтың киімінің міндетті атрибуты бас киім - сәукеле болып табылады, ежелгі уақытта ол бойынша отбысының материалдық жағдайын, сондай-ақ отбасы қай руға тиесілі екенін анықтауға болатын. Тойдың соңында қалыңдықты шығарып салу – сынсу рәсімі өтеді: Ақ жол төселеді, арнайы ән шырқалады, ал екі жеңгесі қоршалған қалыңдық онымен өтеді және туыстарымен қоштасады. Жол соңында қыздың туған жеңгелері күйеу жігіттің жеңгелеріне табыстайды, ол жаңа үйге кетеді. Салт өте әдемі және қыздың қазақ өмірінде қандай орын ойнайтынын көрсетеді.

Үйлену той

Күйеу жігіттің туыстары осы сәтте жас жұбайларды күтіп, қалыңдықтың қызыл (оны тек басы бос қыздар тағады) орамалын ақ түске (келіншек күйеуде екенін сипаттайды) ауыстырады. Содан кейін беташар рәсімі өтеді: беті жабық тұрған жаңа түскен келін  арнайы күй астында  кайың-жұртына салем салады (күйеуінің туыстарына құрмет көрсету белгісі). Сәлем еткен  кезде барлық қонақтар жаңа қалыңдық үшін көрімдік (ақша) береді. Кейін бет ашылады және қыз «келін» мәртебесін алады. Үйлену тойы басталады, онда бәрі жас жұбайларға бақыт тілеп, сыйлықтар береді.

Келін шай

Содан кейін туыстары жаңа келіннің қолынан шай ішуге (келін шайға) келеді, оған көрімдігін береді. Сонымен қатар, екі жақтың туыстары өз үйіне «есік корсетуге» жас жұбайларын шақырады, осылайша туыстық байланыстарды нығайта түседі. Міндетті дәстүр болып  «тәтті шай» табылады, алдымен қалыңдықтың ата-анасы өзіне жаңа құдалар мен қызы мен күеуй баласын  шақырады - ол қыз жақтағы құдалар ризашылығын білдіріп,  реніштерін жоқ екенін көрсетеді. Одан кейін қонаққа  қалыңдықтың жаңа отбасы шақырады. Бұл ерекше рәсімді текткен тек «тәттіә деп айтпаған – екі жақтың ата-аналары балдары үшін  тәтті өмір қалағаның көрсетеді, сондай-ақ бір-біріне деген құрмет пен туыстықты танытады (қазақтарда құдалар ерекше орын алады).

Осы дәстүрлердің барлығы Маңғыстауда сақталған, және бірнеше ғасырлар бұрын қандай маңызды рөл ойнады қазір де солай.

Алдыңғы мақалалар

Духовный комплекс “Отпан тау” - это памятник старины под открытым небом. За…