Маңғыстаудың кең-байтақ даласында өзінің өзгеше пішінімен белгілі ұлы Шерқала тауы тұр. Жергілікті тұрғындар тау белгілі бір ракурстан үлкен киіз үйге ұқсайтының айтады. Адамдар бұл табиғи объектті алып-көшпенділер жазаңның ортасына той тойлау үшін қойды деп әзілдейді.
Шерқаланың биіктігі 308 метр. Тау- теңіз иірімі құрғақ жерге көтерілуі нәтижесінде тау маңындағы алқаптардың қалыптасу кезеңінде пайда болған ерекше кескіндердің үлкен жұрнағы.
Ол аумақтың тұрғындары мен конақтарының сүйікті жері. Осы бірегей нысанның жанында адам табиғаттың барлық ұлылығын, оның жұмбақтығын және сұлулығын сезінеді.
Таудың басынан өту оңай. Саяхатшылар таудың ең үстіне керемет көріністен рахат алып, табиғатпен жақындасып, және, әрине, ұялы телефондар мен фотоаппаратқа көпгенен сәтті суреттер жасау үшін мінеді.
Білгіштер тауды міндетті түрде айналып өтуге кеңес береді. Бұл шамамен 2 сағат уақыт алады. Бұл уақыттың ішінде саяхатшы көптеген қызықты эмоция алады – әр бүгілестен кейін жаңа, басқалардан өзгеше көрініс ашылады.
Таудың етегінде орналасқан үңгірлерді қарау үшін тағы да екі сағаттан кем емес уақыт керек. Керемет көріністен бөлек, мына жерде жабайы аңдармен танысуға болады. Тау бөктеріңде түйе, жылқы және кішкентай тасбақалар өмір сүреді.
Шерқаланың күндізгі көрінісі кешкі көрінісінен біраз ерекшеленеді. Сол себептен, уақыты бар адамдарға, бұл ескерткіштін қасында түнеп қалуға кеңес береміз. Күндіз ақтас, күн сәулесін бейнелетіп, көзге түсіп, тау көзге ақсары-ақ болып көрінеді. Батып бара жатқан күннің сәулесінде Шерқала қатты қызған пешке ұқсайды. Сөзбен жеткізе алмайтын әсемдік үшін тауға бүкіл әлемнен кәсіби фотографтар мен операторлар келеді.
Шерқаланың тарихы
Қала-қорған Шерқала тауында VIII–IX ғасырларда ойылған. Бұл жерде түркмен қаласы Манкашлак («Үлкен коңыс» деп аударылады) орналасқан. Ол жерге араб тайпалары келгенде, олар қорғанды жаулап алды да, қасында өзінің қонысын құрған. Жаулап алғаннан кейін, қала Ұлы жібек жолымен келе жатқан керуендерге жүкті ауыстырып тиетін орын болды. Табылған жасандылар бойынша бұл жерде үлкен керуендер (3000 жүктелген түйеге дейін және 5000 шығыс көпестер) Бағдаттан Кама өзеніндегі Бұлғар қаласына дейінгі жолда тоқтағына белгілі. Бірінші түркмен қонысы, одан кейін керуен-сарай, ел орналасқан жер 800 жылдай тұрды. Бірақ теңіз жолдары дамыған сайын, айтылып кеткен жер өзінің стратегиялық маңыздылыған жоғалтты және уақыт өтегелі естелікке айналды.
Қазір адам қолымен жасалған жартасқа салынған суреті бар тек бірнеше үңгірді табуға болады. Таудың бөктеренде көне керуен-сарайдан тек қарауылдардың бірнеше таудың шыңына апаратын жасырын жүрістің қалдығы және арқан сатыларының іздері сақталған.
Шерқала қаласы 2018 жылы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған. Сондай-ақ ескерткіш "Қазақстанның киелі географиясы"аймақтық маңызы бар жобасы бойынша қасиетті объектілер тізіміне енді.
Аңыздар
Шерқала туралы көптеген аңыздар бар. Соның біреуі бойынша, ежелге кезде айбынды жауынгерлер Шерқаланың етегіңде шапқыншылардан қорғанатын еді. Жаудың саны оларға қарағанда көп артты, бірақ оған қарамастан олар жолбарыстай күресті. Соңғы қорғаушылар Шерқаланың ішіндегі жерасты жолдарында жасырынды да, сол жерде мәңгі қалды. Осылай батырлық пен тәуелсіздікке толы қорғанның аты пайда болды – Шерқала (жолбарыстар тауы)
Қасындағы көрнекі жерлер
Таудың жанында әуесқой туристке қызықты болатын көптеген көрікті жерлер бар. Баурайында домалақ қойтастарды көруге болады. Олардың бір бөлігі уақыт өте келе жарылып, құпиясын "ашты". Тас шарлардың ішінде ежелгі тастар бар: тарихқа дейінгі балықтар мен шаяндар.
Шерқаладан екі жүз шақырым жерде көне бейіт орналасқан, ол жерде әр-түрлі заманға сай құлпытастағы жазылған петроглифтерді көруге болады.
"Үлкен киіз үйге" жақын жерде (екі километр) балшықтан салынған ескі қала орналасқан. Қызыл Қалада 600-ден астам құрылыс бар. Туристтер "қалаға" барып, біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүргенін елестеп, әлі күнге дейін ескі сынықтар мен тиындарды табады. Жергілікті тұрғындар арасында қала маңында қазына бар деген сенім бар.
Тағы бір ерекше орын – Ақмыш көгалы. Ол Шеркаладан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Бұл жерге ерекше болып көрінетін ағаштары мен бұталары бар жасыл учаскесі серуендеу үшін жағымды орын болады. Оған қоса мұнда Ақмыш бұлағы мен өзені бар.
Шерқалаға қалай жетуге болады?
Шетпе ауылы Шерқаладан не бары 18 км жерде орналасқан. Ол ең жақын елді мекен. Облыстың орталығы, Ақтауға дейін – 170 км. Жол кем дегенде екі жарым сағат уақытынызды алады.
Начните печатать
Духовный комплекс “Отпан тау” - это памятник старины под открытым небом. За…
Аквариумный зал с ценными представителями рыб осетровых пород находится в отеле…