Сәрсенбі,20 Ақпан
Актау
облачно с прояснениями
376.3
425.22
5.68
Әртүрлі тасты Көкала
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/kokaly/15193659_1027109920744878_4019915261176832777_n.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/kokaly/1-189.jpg
  • Қаратаудың тау қатпары немесе төбесі Жер қойнауынан қалың шөгінді қалдықтардың астында мәңгіге қалған қиранды қабаттарды жиегі бойынша  аздап жоғары көтеріп шығарады. Юралық кезеңнің түрлі-түсті сазды қабаттары осылай пайда болды. Біз бұл жерден әрине, сонау ықылым замандарда жоғалып кеткен динозаврлардың тасқа айналған сүйектерін көре алмаймыз, әйтсе де 200 миллиондаған жыл бұрын күйіп кеткен орманның нағыз ағаш көмірлерін қолмен ұстап қарауға болады. Жақын жерде тағы бір таңғажайып жер – саяхатшылардың алдынан үнемі жаңа, кейде күтпеген көріністерімен таң қалдыратын аттас тау аңғары жартасты белдеуде бұралаңдана орналасқан. Жол бойы, аңғар түбімен жайыла өскен жалбыз бұталарының арасынан сылдырап аққан таудың тамаша суының  даусы естіледі.