Сейсенбi,23 Сәуір
Актау
бұлтсыз аспан
379.29
426.4
5.93
Қарынжарық ойпаты
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/vpadina-kara/0_70e62_c785c8c_xl.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/vpadina-kara/vpadina-karynzharyk.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/vpadina-kara/000006800x.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/vpadina-kara/51a2eab9334fd23c2dcbfdcf63bfef6a_big.jpg
  • Қарынжарық ойпаты Үстірт шыңы іргесінде 70 шақырымнан аса меридианальды бағытта созыла жайғасқан. Оның түбі Маңғыстау облысындағы ең созылыңқы Кендірлі сорын жауып жатыр. Бұл сордың тартымдылығы, тып-тыныш,  аппақ сордың ортасында көтерілген бес тау шоқыларында. Олардың ішінде жергілікті қазақтар «Үш батыр» немесе «Үш ағайынды» деп атайтын үшеуі бір-біріне жақын орналасқан. Сордың түбі қашан да ылғалды және күн шуағы әсерінен жарықтарға айналып, тарамыстана кепкен тұзды қабыршақтар басып жатады. Ылғалды маусымдарында сордың бетін жұқалау су басады, сол кезде шоқылар айналы айдын үстіндегі,  адам аяғы баса алмайтын аралдарға айналады.