Дүйсенбi,17 Маусым
Актау
бұлтсыз аспан
384.05
432.79
5.96
Қарақия ойпаты
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/vpadina-kara/karagie.jpg

Кейбір нұсқаларда Қарақия ойпаты «Қара құлама» деп аударылады. Қарақияның ең терең нүктесі оңтүстік бөлігінде, дүние жүзілік мұхит деңгейінен 132 м төмен орналасқан, әлемдегі ең терең ойпаттардың бірі болып саналады.  Ойпат түбінің бұл жерін Батыр деп аталатын үлкен сор басқан. Бұл ойпаттың қалай пайда болғаны туралы бірнеше болжамдар бар. Олардың кейбіреулері бойынша – бұл жойқын желге мүжілу салдарының нәтижесінде болса, енді біреулеріне сүйенсек – орасан сейсмикалық құлау делінеді. Алайда, барлық  маңғыстаулық ойпаттардың шығу тегі, ежелгі Каспийдің шегіну сәтіндегі алып толқындарының сазды және жартасты жыныстарды шайып кету себебімен байланысты деген дұрысырақ болар.