Дүйсенбi,17 Маусым
Актау
бұлтсыз аспан
384.05
432.79
5.96
Қапамсай
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/kanon-kapamsay/kanon-kapamsay-2.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/kanon-kapamsay/kanon-kapamsay-1.jpg
  • Қапамсай – биіктігі 70 м дейін жететін тегіс және тіп-тік қабырғаларымен таң қалдыратын жіңішке ақбор сай. Сайдың желмен үгітіліп желінген қуыстары, бүркіттің ұяларына арналған жасырын пана болса, олардың иелері  құз жиегінде тұрған  адам бойымен бірдей биіктікте қалықтайды. Сай ішінен ауа-райының тымық сәттерінде борлы қабырға қыртыстары арасынан құлаған тастардың тарсылынан туатын адаса «қыдырған» жаңғырықты естуге болады. Сайға тек төменгі етегінен ғана баруға болады. Сай түбінде жасырынған тағы бір керемет бар – төбесін жауын-шашын ағыстары тесіп өткен үлкен үңгір. Су ағыстарының шоғырланған тұсына бір топ тұт және долана ағаштары өскен. Бұл жерде ауа-райының ыстық сәттерінде де салқын самал есіп тұрады.