Сейсенбi,23 Сәуір
Актау
бұлтсыз аспан
379.29
426.4
5.93
Шақпақтысай
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/shakpakatasay/1593118.jpg

Шақпақтысай – Маңғыстау облысының ең үлкен сайы. Миллиондаған жыл бұрын ежелгі Каспий теңізінің алып соқпа толқындары ағысының салдарынан Түпқараған кеңістігінің жиектері бұзылып, бірнеше арналар пайда болды. Шақпақ-ата сайының бірнеше тармақты бастаулары мен Сартас шығанағына қарай шығатын иректелген жіңішке сағасы бар. Бұл жердің негізгі кереметі – сай бөктерлерімен қалыптасқан кең жазықтықтағы көріністер. Жел мен жауын-шашынның нәтижесінде ақ-сары тау шоқылары ертегідегі айдаһарлардың айдары секілді көтеріле, ғажап көріністе желініп қалған. Сайдың борлы жыралары қарауыл мұнараларымен бекітілген берік  қамал-бекіністің қабырғалары секілді.