Сенбі,16 Ақпан
Актау
облачно с прояснениями
377.62
426.03
5.67
Тұзбайыр
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/tuzbair.jpg

Тұзбайыр – табиғаттың дүлей күштерінің ұлы туындысы. Бұл жерде Үстірт жазығының шыңы (жарқабақ) астында жергілікті өлкеде сор деп аталатын ұланғайыр сортаң алқап орналасқан сазды-әктас және ақбор тік құлама жарлармен бөлінген. Ақ борлы жарлар құламасы ғажайып бағаналардан шексіз қатарлар жасай отырып, көптеген шұңқырлар және терең арналармен ойылып-ойылып қалған. Шың жиегінің табанында желмен мүжіліп жасалған алып табиғи жартылай арка бар. Қар ерігенде немесе қатты жауын-шашын кезеңдерінде сорлы алқап сумен толып, аспан мен ақбор бағаналар шағылып көрінетін алып тұзды айнаға айналады.