Дүйсенбi,17 Маусым
Актау
бұлтсыз аспан
384.05
432.79
5.96
Түлкілі
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/img_6619.jpg

Түлкілі

Каспий теңізінің маңғыстаулық жағалауы бірнеше жүздеген шақырымға созылған. Әйтсе де, тек Түлкілі жағалауы ғана теңіздің бар сұлулығын өзіне жинап алғандай. Жағалау жазығы таң қаларлықтай етіп желмен желінген, ақбор тастармен толтырылған жартасты террасалармен тіп-тіке бөлінеді.  Тайыз жерлерде адам нанғысыз құтырған су дауылдары арқылы пайда болған тас дөңбектер уақыт өте желініп, әсем көрініс береді. Жартасты террасаларда қалай пайда болғаны белгісіз тас бұлаулар кездеседі. Мұнда жағажай құмы да ерекше. Ол сансыз толқындармен уатыла төселген теңіз қабыршақтар сынықтарынан  қалыптасқан. Мұндай  құм ауыр, сондықтан қатты теңіз дауылдарында да бұл жердегі су әрқашан таза күйін сақтап, айналадағы жарыққа байланысты түсін өзгертіп тұрады.