Сәрсенбі,20 Ақпан
Актау
облачно с прояснениями
376.3
425.22
5.68
Тамшалы шатқалы
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/sayt-oblasti/tamshaly.jpg

Тамшалының басты кереметі – сайдың қабырғасымен жартылай дөңгелек түрінде қалыптасқан шағын үңгірдің төбесіндегі сулы сазды қабатының ашық қалуы. Тұщы су жартасты кемерден тамшылап, үш метр биіктіктен ағады. Аққан тамшылар құдды бір жаңбыр жауып тұрған тәрізді тырсылдайды. Тамшалы сайы жыл бойы тіршілікке толы! Қыстыгүні су ағыстарын мұз басса да, төмен қарай қарқынды ағындарын тоқтатпайды.  Міне, осы сәтте судан табиғи ағза жасалғандай тамаша көріністер пайда болады. Мұз бағаналары тілімденіп, қуыстар арқылы төмен қарай құлдырайтын жан-жақты су ағыстарының сарқырауы мен тамшылар сылдыры түрлі дыбыстарға ұласады.