Дүйсенбi,17 Маусым
Актау
бұлтсыз аспан
384.05
432.79
5.96
Самал тау шатқалы
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/samal.jpg

Маңғыстаудың шеті жоқ ащы және кермек сулы құдықтары мен бұлақтарының арасындағы тұщы сулы бұлақтар бұл өңірдің тіршілік атаулыға нәр беретін нағыз құндылықтар болып табылады. Ыстық маусымында су көздерінің көбі  кеуіп кетеді. Самал сайының ерекшелігі – тау шатқалынан жыл бойы шағын өзеннің ағып тұруында. Сай ішінде бағзы замандардан бері долана, тікенді қара өрік, қамыс ағаштары және түрлі емдік шөптер өседі. Жақындай бергеннен-ақ, жалбыздың хош иісі мұрныңа келеді. Жаңа ғана құрғақ та, ыстық айдаладан, кенеттен жап-жасыл шөптер мен сылдыраған салқын самал бұлақты, жанға рахат жерге тап болғанда, не істеріңді білмей, абдырап қаласың.