Сенбі,16 Ақпан
Актау
пасмурно
377.62
426.03
5.67
Жығылған
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/2-1.jpg

Жығылған – ақбор қатпарлары орналасқан сазды-құм қабатының ылғалдануы нәтижесінде туындаған орасан зор геологиялық көшкін. Ауыр тақта өзінің салмағымен жұмсақ төсемені жаншып шығарып, теңізге ығыстырып тастап,  өзі қиял толқытар ойылымға айналады. Жығылған адамдарға өте сирек кездесетін көріністерді: бедерленген тақта сынықтары мен тас беттеріндегі ірілі-уақты азу тісті махайрод-мысықтардың тасқа айналған іздері тізбектерін және лайға терең тұйықталып қалған  үш ашалы гиппарион-жылқылардың тұяқтарын тамашалау мүмкіндігін сыйлайды. Бұл іздерге шамамен 10-15 млн. жылдай уақыт болған. Жығылған жері қанша белгілі болса да, зерттелмеген, жұмбақ күйінде қалып отыр. Бұл жерді әруақтар мекені деп те айтады.