Дүйсенбi,17 Маусым
Актау
бұлтсыз аспан
384.05
432.79
5.96
Боқты тауы
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/gora-bokty/image/gora-bokty-2.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/gora-bokty/image/gora-bokty.jpg
  • Жергілікті тау шоқылары әр жағынан қарағанда құбылып тұратын, түрлі пішінді болып көрінуімен ерекшеленеді. Міне, Боқты тауы да осындай. Ол үстіңгі беті теп-тегіс сазды үстел тәрізді тақырда орналасқан. Бір жағынан қарағанда, бұл – аударылып түскен алып, аппақ бортты, түбін қоңыр балдыр басқан,  сары-қызыл кеме жолы салынған қайық. Басқа тұсынан қарасаң – табиғат туындысы -  айбынды, мәңгілік пирамида. Бұл жердің ең кереметі – қызыл түсті борлар. Ал таумен көршілес  -жергілікті қазақтар Қызылкүп деп атайтын су шайып кеткен, қызыл қатпарлы бор қабаттары орналасқан.