Сенбі,16 Ақпан
Актау
облачно с прояснениями
377.62
426.03
5.67
Бозжыра
http://gotravelto.kz/uploads/obekty/mangystau/bozzhira.jpg

Бозжыра – Табиғат-Ананың өз қиялына ерік беріп, ақ түстерден ғажайып ландшафт жасаған Үстірт жазығы шыңдарының бір бөлігі. Шағын Бозжыра жазығы үш жағынан таң қаларлықтай табиғи амфитеатрымен қоршалған. Бұл жерде сайлар, құздар, тау-мұнаралар, тау-қамалдар, тау-киіз үйлер - бәрі аппақ. Бозжыраның тау шоқыларын айналып қарасаңыз, құдды-бір өзінің ажарын құбылтып тұрғандай көрінеді. Назданған шоқылар мұнарланған қиян далаға қарап, Маңғыстаудың ұлы нышаны - алып тас үйдің тыныштығын күзетіп тұрған үнсіз қарауыл секілді. Оның жалғыз ғана қожайыны – шексіз аспанға дала әндерін азыната  орындаушы -  жел болып табылады.