Сәрсенбі,20 Ақпан
Актау
облачно с прояснениями
376.3
425.22
5.68
Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының кепілдігі жүйесі мәселелері бойынша мәжіліс ұйымдастырылды
  • http://gotravelto.kz/uploads/news/06-09/20180906_103409.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/news/06-09/20180906_102631.jpg
  • http://gotravelto.kz/uploads/news/06-09/20180906_102521.jpg
  • Маңғыстау облысының туризм басқармасымен ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің бас сарапшысы М.И. Әуезов пен «Туристік қамқор» корпоративтік жүйесінің директоры А.Б. Есиловтың, сонымен қатар Маңғыстау облысы аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын туроператорлар мен турагенттердің қатысуымен туризм саласындағы заңнаманың сақталуы және шығу туризмі саласында Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтарының кепілдігі жүйесі мәселелері бойынша мәжіліс ұйымдастырылды.

    Мәжіліс барысында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуына туроператорлар мен турагенттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сонымен қатар шығу туризміндегі проблемалық мәселелер, туроператорлардың «Туристік қамқор»корпоративтік жүйесімен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауы сұрақтары қозғалды. Туроператорлар мен турагенттердің көкейтесті сұрақтарына жауап берілді.

    6 Қыркүйек 218